Accessibility links

Назарбаев, Путин мен Лукашенко кездеседі


Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттері: (солдан оңға қарай) Александр Лукашенко, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттері: (солдан оңға қарай) Александр Лукашенко, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

Бүгін Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин мен Александр Лукашенко кездеседі.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшылары өзара сауда-саттық пен үш елдің ортақ экономикалық байланысын дамытуды, әлемдік экономикалық ахуал мен Украинадағы жағдайды талқылайды.

Кеше Назарбаев Ақордада Астанаға келген Александр Лукашенкомен кездескен. Кремльдің баспасөз қызметі Путиннің Астанаға 19 наурыз күні түнге қарай келгенін хабарлады. Путин Астанада Назарбаевпен жеке де кездеспек.

XS
SM
MD
LG