Accessibility links

"Ислам мемлекеті" Тунистегі шабуылды мойнына алды


Тунистегі Бардо мұражайы алдында тұрған қауіпсіздік қызметкері. Тунис, 19 наурыз 2015 жыл.
Тунистегі Бардо мұражайы алдында тұрған қауіпсіздік қызметкері. Тунис, 19 наурыз 2015 жыл.

Интернетте "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының Тунис астанасында болған терактіні мойнына алғаны жайлы аудиожазба жарияланды.

19 наурызда тараған аудиожазбада Тунис астанасындағы Бардо мұражайына шабуыл жасаған екі адамды мадақтап, жаңа шабуылдар ұйымдастырылатыны туралы айтылған.

18 наурызда ежелгі тарихи жәдігерлер сақталған Бардо мұражайына қарулы екі адам басып кіріп, оқ атқан. Шабуылдан 23 адам қаза тауып, 24 адам жараланған. Қаза тапқандардың 20-сы - шетелдік туристер. Тунис полициясы шабуылға қатысы бар деген күдікпен тоғыз адам ұсталғанын хабарлады.

Туристік саяхатты ұйымдастырған италиялық компания қайғылы оқиғадан соң белгісіз мерзімге Тунис портына тоқтаудан бас тартатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG