Accessibility links

ЕО: санкцияны жою Минск келісімі орындалуына байланысты


ЕО елдері басшылары саммит қарсаңында. Брюссель, 19 наурыз 2015 жыл.
ЕО елдері басшылары саммит қарсаңында. Брюссель, 19 наурыз 2015 жыл.

Еуропа Одағына (ЕО) мүше елдер басшылары Ресейге салынған санкцияларды Минск келісімінің талаптары толық орындалмайынша жоймауға келісті. Бұл жайлы уағдаластық ЕО-ның Брюссельдегі саммитінде жасалды.

Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск баспасөз жиынында "мемлекет басшылары санкцияның әрекет ету мерзімін ұзарту я тоқтатуды Минск келісімінің толық орындалуына тәуелді етіп қоюға келіскенін" мәлімдеді. Туск ЕО жетекшілері "қажет болған жағдайда санкцияны қатайтуға дайын екенін" де білдірді.

Reutersагенттігінің хабарлауынша, Шығыс Украинадағы жағдай оңалып, келісім орындалып жатқандай болса, Ресей мен Украина азаматтарына салынған санкциялар жыл соңына дейін алынып тасталынуы мүмкін.

Батыс елдері өткен жылы Мәскеу Қырымды аннексиялап алған соң және Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистерге әскери және қаржылай қолдау көрсетіп отырғандықтан Ресейдің қаржы, энергетика және қорғаныс саласына қарсы бірқатар санкция салған.

XS
SM
MD
LG