Accessibility links

АҚШ десантшылары украин әскерін жаттықтырмақ


АҚШ-тың Еуропадағы әскері қолбасшысы Бен Ходжес.

АҚШ-тың Еуропадағы әскері қолбасшысы Бен Ходжес.

АҚШ қорғаныс министрлігі шамамен 290 америкалық десантшы келесі айда Украина батысына украин армиясының үш батальонын жаттықтыру үшін жіберілетінін хабарлады.

Пентагон өкілі, армия полковнигі Стив Уорреннің айтуынша, Италиядағы америкалық базада орналасқан әскерилер шамамен сәуір айының соңына қарай батыс Украинадағы Яворивский жаттығу орталығына жіберіледі.

Миссияның нақты қашан басталатыны әлі анықталмаған. Бірақ өткен жылы тамыз айында украин әскерилерін жаттықтыру биыл наурыздың ортасында басталады деп белгіленген.

АҚШ-тың Еуропадағы әскери күштерінің қолбасшысы, генерал лейтенант Бен Ходжес осы аптада жаттықтыру миссиясы Мәскеудің өткен айда жасалған Минск келісімін орындамай қоюына сылтау болмас үшін кейінге қалдырыла тұратынын айтқан.

XS
SM
MD
LG