Accessibility links

Алматыда өнер академиясынан өрт шықты


Жүргенов атындағы өнер академиясының өртеніп жатқан ғимараты. Алматы, 20 наурыз 2015 жыл.

Жүргенов атындағы өнер академиясының өртеніп жатқан ғимараты. Алматы, 20 наурыз 2015 жыл.

Алматыда бүгін Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының бас ғимаратынан өрт шықты. Дәл қазір өртке қарсы қызмет өкілдері төрт қабатты ғимараттың шатырындағы өртті сөндіруге тырысып жатыр.

Академия Панфилов пен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан.

Азаттық тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, өртеніп жатқан ғимарат маңын полиция қоршауға алған. Ғимараттың шатыры өртеніп жатыр. Өрт сөндіруге ондаған өрт сөндіру көлігі мен қызметкерлер тартылған.

Кейбір ақпараттар бойынша, өрт оқу ғимаратында Наурыз мерекесіне арналған шарадан соң басталған.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері Азаттыққа алдын-ала өртке қатысты комментарий беруден бас тартып, мән-жайды өрт сөндірілген соң ғана айтатындарын білдірді.

Азаттық сайты өнер академиясының бас ғимаратындағы өртті оқиға орнынан тікелей видеотрансляция арқылы көрсетіп жатыр.

XS
SM
MD
LG