Accessibility links

Путин валюта одағын құруды ұсынды


Ресей президенті Владимир Путин. Астана, 20 наурыз 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин. Астана, 20 наурыз 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин болашақта Ресей, Беларусь және Қазақстанның валюта одағын қалыптастыру туралы мәселені қарауды ұсынды. Путин бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесуде мәлімдеген.

«Келешекте валюта одағын қалыптастыру мүмкіндігі туралы сөз қозғайтын мезгіл жетті деп ойлаймын» деген ол. Ресей басшысы сыртқы қаржы-экономикалық қатерлерге қарсы тұрып, бірлескен рынокты қорғау «иық түйістіре жұмыс істегенде» жеңілірек болатынын мәлімдеген.

Ресей тарапынан ортақ валюта туралы ұсыныс бұған дейін де бірнеше рет айтылған. Мәселен, наурыздың басында Путин Ресей Орталық банкі мен үкіметке Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ортақ валютасын құру мүмкіндігі жайлы мәселені ЕАЭО-ға қатысушы елдердің орталық банктерімен бірге қыркүйектің 1-іне дейін талқылауды тапсырған.

Бұл жайында Азаттыққа түсініктеме берген Қазақстан мен Беларусьтің кейбір сарапшылары Ресей басшылығының бастамасына күмән білдірген еді.

XS
SM
MD
LG