Accessibility links

Алматыда өнер академиясындағы өрт сөндірілді


Жүргенов атындағы өнер академиясы ғимараты жанында тұрған өртті сөндіру техникасы. Алматы, 20 наурыз 2015 жыл.

Жүргенов атындағы өнер академиясы ғимараты жанында тұрған өртті сөндіру техникасы. Алматы, 20 наурыз 2015 жыл.

Алматының орталығындағы Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының бас ғимаратында шыққан өрт сөндірілді.

Төтенше жағдайлар қызметі өкілінің айтуынша, төрт қабатты ғимараттың шатыры жанып кеткен. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Өрт шыққан ғимараттың айналасына қойылған полиция қоршауы алынды.

Алдын ала деректер бойынша, өрт ғимараттың 450 шаршы метрдей аумағын шарпыған. Өртті сөндіруге 10 арнайы топ және қосымша техникалар жұмылдырылған.

Өрттің шығуына не себеп болғаны қазір анықталып жатыр. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Нұрбек Қожахметовтың айтуынша, бұған дейін оқу орны әкімшілігі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

XS
SM
MD
LG