Accessibility links

Йеменде мешіттерге шабуылдардан 137 адам өлген


Санада жарылыс болған жерде. Йемен, 20 наурыз 2015 жыл.

Санада жарылыс болған жерде. Йемен, 20 наурыз 2015 жыл.

Йемен астанасы Сана қаласында бүгін екі мешітте болған жарылыстар салдарынан 137 адам қаза тауып, 345 адам жараланған. Террорлық шабуылдарды жасағандар өз-өзін жарып жіберген.

Шабуылдар болған мешіттерде негізінен Йеменнің солтүстігіндегі ауқымды территорияны және ел астанасын бақылауда ұстап отырған шиит көтерілісшілері – хуситтерді жақтайтындар жиналатын.

Хабарларға қарағанда, алғашқы жарылыс Сананың оңтүстігіндегі Бадр мешітінде болған. Шошып қалған жұрт қаша бастаған кезде мешіт есігінің алдында іле-шала екінші бомба жарылған. Сол күні Сананың солтүстігіндегі Хашуш мешітінде де жарылыс болған.

Бұл шабуылдарға байланысты жауапкершілікті әзірше ешкім мойнына алған жоқ. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының бірнеше жақтасы Йемендегі терактілердің артында осы ұйым тұр деп әлеуметтік желілерде мәлімдеме жасаған.

XS
SM
MD
LG