Accessibility links

Өзбекстанда совет сарбазы ескерткішін алып тастады


Совет жауынгері ескерткішін орнынан алып жатқан техника. Ангрен, Ташкент облысы, Өзбекстан. 19 наурыз 2015 жыл.

Совет жауынгері ескерткішін орнынан алып жатқан техника. Ангрен, Ташкент облысы, Өзбекстан. 19 наурыз 2015 жыл.

Өзбекстанның Ташкент облысындағы Ангрен қаласында жергілікті билік совет жауынгеріне бұдан отыз жылдан астам уақыт бұрын қойылған ескерткішті орнынан алып тастады.

Өзбек шенеунігінің Азаттыққа айтуынша, биіктігі он метрлік ескерткіш «қаланы қайта құру жоспарына сай» алынған. Ангрендегі ескерткіш екінші дүниежүзілік соғыстағы нацистік Германия талқандалған жеңіс мерекесінің 70 жылдығы қарсаңында тұғырынан құлатылған.

Ресми мәлімет бойынша, СССР 27 миллион адамынан айрылған екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты қазіргі кезде Өзбекстан мен бұрын совет мемлекеті құрамында болған басқа да кейбір елдерде сындарлы пікірлер айтылады. Бұған дейін Өзбекстан президенті Ислам Каримов мыңдаған өзбекті бекерден бекер құрбандыққа шалуының зардабы әлі күнге білінеді деп совет үкіметін сынаған.

Ресейде 9-мамыр күні мерекесін «Ұлы Отан соғысындағы ұлы жеңіс» деп қастерлейді. Биыл осы жеңістің 70 жылдығын үлкен мереке ретінде атап өткелі отырған Кремль билігі шетелдердегі совет жауынгерлері ескерткіштерін орнынан алуды ауыр қабылдайды.

Өзбекстанда президент Каримовтың жарлығымен 9-мамыр – Еске алу күні болып жарияланған, елдегі ресми бұқаралық ақпарат құралдары «Ұлы Отан соғысы» деген сөзді қолданбайды.

XS
SM
MD
LG