Accessibility links

Алматыда автобус апатқа ұшыраған


Алматыда қала ішінде жолаушы таситын автобус жанында тұрған адам. (Көрнекі сурет)
Алматыда қала ішінде жолаушы таситын автобус жанында тұрған адам. (Көрнекі сурет)

Алматыда қала ішінде жолаушы таситын автобус жол шетінде тұрған автокөліктерді соққан де хабарлады Tengrinews сайты.

Жол-көлік оқиғасы бүгін Достық даңғылының Қабанбай көшесімен қиылысатын тұсында болған. Қаланың жоғары жағынан төмен бағытта келе жатқан автобус «Ресей» дүкені маңында жол шетінде тұрған үш жеңіл автокөлікті қаққан.

Автобус ішінде жолаушылар болған. Апат салдарынан зардап шеккендер бар деп хабарланды. Оқиға болған жерге полицейлер мен жедел жәрдем қызметінің өкілдері барған.

Алдын ала ақпарат бойынша, апатқа автобустың тежегіші істемей қалуы себеп болған. Полиция өкілдері оқыс оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін, осы аптаның басында Алматыдағы Төле би және Қожамқұлов көшелерінің қиылысындағы бағдаршам алдында жолаушылар автобусы екі жеңіл автокөлікті қаққан. Ол жолы ешкім зардап шекпеген.

Былтыр қыркүйекте Жұмабаев пен Палладин көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусы бірнеше көлікке соқтығысып аударылған. Апат салдарынан автобус жүргізушісі сол жерде мерт болған.

XS
SM
MD
LG