Accessibility links

БҰҰ Сириядағы терактілерді айыптады


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сирияның солтүстік-шығысындағы Хасеке қаласында Наурыз мейрамына жиналған ондаған адамды мерт еткен шабуылды айыптады. Ол мейрамға негізінен күрдтер қатысқан.

«Бұл пасық шабуылдар күрд қауымының мүшелері жаңа жылдан күтетін үміттерімен бөлісу үшін жиналатын кезде жасалған» делінген БҰҰ бас хатшысының мәлімдемесінде.

Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымының деректері бойынша, жанкештілер жасаған екі жарылыс салдарынан 45 адам мерт болып, жүзге жуығы жараланған. Мерт болғандар арасында балалар да бар деп хабарланды.

Әзірше бұл жарылыстарға жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. Құқыққорғау орталығының жетекшісі Рами Абдел France-Presse агенттігіне бұл терактілердің артына «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының содырлары тұр деп мәлімдеген.

Сирияның солтүстік-шығысында бірнеше экстремистік топ әрекет етеді. Елдің солтүстігіндегі Ракка қаласы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының орталығы саналады. Күрдтердің өзін өзі қорғау жасағы мен исламшыл радикалдар арасында шайқастар жалғасып жатқанына бірнеше ай болды.

XS
SM
MD
LG