Accessibility links

Шығыс Украинада атыстардан екі адам мерт болған


Мариуполь қаласына жақын жерде жүрген ресейшіл сепаратистер. Украина, 20 наурыз 2015 жыл.

Мариуполь қаласына жақын жерде жүрген ресейшіл сепаратистер. Украина, 20 наурыз 2015 жыл.

Украинаның шығысында соңғы тәулікте украиналық екі әскери қызметкер қаза тауып, жетеуі жараланған. Үкімет күштері басшылығы Донецк, Артемовск, Луганск және Мариуполь бағыттарында ресейшіл сепаратистер жағынан атқылау жалғасып жатқанын хабарлады.

Өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» сепаратистері болса, наурыздың 21-іне қараған түні украиналық әскерилер атысты тоқтату режимін 30-дан аса рет бұзған деп мәлімдеген. Олардың айтуынша, үкімет күштері Донецкіні де атқылаған. Бірақ қала әкімдігі өткен түні Донецкіде тыныш болғанын, қалада қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқаны туралы хабарлаған.

Донецк облысындағы Волноваха қаласында бүгін таңертең белгісіз біреулер Украина қауіпсіздік қызметінің өкілін атып кеткен. Облыстық ішкі істер басқармасы бұл қылмысқа күдіктілер анықталғанын хабарлаған, бірақ олардың аты-жөндерін атамаған.

XS
SM
MD
LG