Accessibility links

Ресей: Әскери дайындықты тексеру аяқталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей қарулы күштерінің әскери дайындығын тексеру бүгін аяқталды деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскери дайындықты тексеру жаттығулары наурыздың 16-сы күні басталған. Осы уақыт ішінде жаттығуларға 80 мыңға жуық әскери қызметкер, 10 мыңнан аса әскери техника, 65 кеме, 15 сүңгуір қайық, 200 ұшақ пен тікұшақ қатысқан.

2014 жылдың көктемінен бері Ресей армиясы бірнеше ірі жаттығу өткізген. Ресей қарулы күштерінің ерекше белсенділігі Батыс елдерінің алаңдаушылығын туғызған.

XS
SM
MD
LG