Accessibility links

БҰҰ ҚК Йемендегі жағдайды талқылайды


Террорлық жарылыс болған мешітте жүрген адам. Сана, Йемен, 20 наурыз 2015 жыл.
Террорлық жарылыс болған мешітте жүрген адам. Сана, Йемен, 20 наурыз 2015 жыл.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі (БҰҰ ҚК) жексенбі күні кезектен тыс отырысында Йемендегі жағдайды талқылайды.

БҰҰ ҚК кезектен тыс жиынын өткізу туралы өтініш Йемен президенті Абд-Рабу Мансур Хадиден түскен. Бұның алдында ол елде төңкеріс жасамақшы болды деп шиит көтерілісшілері - хуситтерді айыптаған.

Жұма, наурыздың 20-сы күні Йемен астанасы Санада екі мешітте болған жарылыстар салдарынан 137 адам қаза тауып, 345 адам жараланған. Террорлық шабуылдар үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған. Сонымен бірге елдің солтүстігіндегі Саада қаласында да екі жарылыстан 30-дан аса адам өлген.

Бейсенбі күні Йемен президентін жақтайтын қауіпсіздік күштері мен хуситтер арасында қарулы қақтығыс болған.

XS
SM
MD
LG