Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы баршаны Наурызбен құттықтады


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Наурызды тойлайтын барша жұртты үйлесім мен болашаққа үмітті білдіретін мерекемен құттықтады деп хабарлады БҰҰ баспасөз қызметі.

Бас хатшы құттықтауында мәдени саналуандылық, диалог пен өзара құрметтің маңызы туралы әркімге ой салатын Наурыздың ынтымақ пен бірлік мерекесі екені айтылған.

БҰҰ тұрақты дамудың жаңа мақсатын белгілеп, климатқа қатысты ғаламдық келісім бекітуге ниеттеніп отырған биылғы жылы Наурыз ерекше маңызға ие болып отыр, өйткені ол бейбітшілікке ұмтылған адамзатты бірлікке және табиғатпен үйлесімді өмір сүруге шақырады дейді Пан Ги Мун.

Сонымен бірге, БҰҰ бас хатшысы көктеммен бірге жаңа жылдың келуін білдіретін Наурыз мерекесін Батыс, Орталық және Оңтүстік Азиядан Кавказ бен Балканға дейінгі ұлан ғасыр аймақта жаппай атап өтетінін, мерекелік салт-дәстүр байлығымен ерекшеленетін бұл мейрам ЮНЕСКО ұйымының материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілгенін айтқан.

«Баршаңыздың бұл мейрамды қуанышқа толы бейбіт жағдайда атап өтуге тілектеспін. Наурыз сыйлайтын жарқын көңіл-күй бүкіл жыл бойы сарқылмасын» деген Пан Ги Мун.

XS
SM
MD
LG