Accessibility links

ТЖК: Қазақстанда ауа райы бұзылуы мүмкін


Далада жайылып жүрген жылқылар. (Көрнекі сурет)
Далада жайылып жүрген жылқылар. (Көрнекі сурет)

Алдағы аптаның басында Қазақстан көп аймағында ауа-райы тұрақсыз, жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, күшті жел тұруы ықтимал деп ескертеді Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Ауа райы болжамы бойынша, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болады, желдің жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшеюі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей тұсында тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды, күндіз кей жерлерінде көктайғақ байқалады. Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде кей жерлері тұманды болып, желдің күші 15-20 м/с құрауы мүмкін.

Қарағанды облысының кей тұсында тұман орнап, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман басып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады деп хабарлайды төтенше жағдайлар қызметі.

XS
SM
MD
LG