Accessibility links

Дағыстанда арнайы операцияда жеті адам өлген


Махачкала.

Махачкала.

Ресей құрамындағы Дағыстан республикасының астанасы Махачкалада жұма күні қауіпсіздік күштері операциясы кезінде заңсыз қарулы топ мүшелері деген күдікті жеті адамның мерт болғаны хабарланды.

Құқық органдары ақпараты бойынша, әлгі адамдар қаладағы бір тұрғын үйдің пәтерлерін тексеру барысында қаза тапқан.

Билік ол адамдар бұған дейін террорлық шабуылдарға, соның ішінде полиция жасалған қастандыққа қатысы бар күдіктілер деп отыр.

XS
SM
MD
LG