Accessibility links

Донбаста екі жақ «бітім бұзды» деп бірін-бірі айыптады


Донецкідегі ресейшіл сепаратистер. 18 наурыз 2015 жыл.
Донецкідегі ресейшіл сепаратистер. 18 наурыз 2015 жыл.

Донбастағы Украина армиясы баспасөз орталығы басшысы Андрей Лысенко жексенбі күні "өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" (ДХР) Стаханов, Алчевск және Первомайск қалалары маңында қарулы күштерін нығайтып жатыр" деп мәлімдеді.

"Интерфакс"​ агенттігі Лысенконың сөзіне сілтеме жасап, ДХР-дің полигондарда​ қарулы күштерін әзірлеп жатқанын және әуеден белсенді түрде барлау жүргізіп отырғанын хабарлады.

Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер мен үкімет әскері бірін-бірі бітім шартын бұзды деп айыптайды. Украина әскері өкілдерінің хабарлауынша, 22 наурызға ауған түні сепаратистер өз шебіндегі атыс қаруынан, минометтер мен гранатометтерден, бронды техникадан Авдеевка және Красногоровкада тұрған Украина әскеріне оқ жаудырған.

Қарулы сепаратистер де "Украина әскері бітімді бұзды" деп мәлімдеді. ДХР өкілдері "кейінгі тәуліктерде Украина армиясы" сепаратистер шебін де, елді мекендерді де "атқылағанын" хабарлады. Донецкідегі жаңалықтар агенттігі ДХР-дің әскери басшылығына сілтеме жасай отырып, Украина әскерінің "жексенбі күні түске дейін Донецк теміржол вокзалына әуеден соққы жасағанын" мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG