Accessibility links

Ресейде ҮЕҰ-ға "шетел агенті" ретінде айыппұл салынды


Ресей соты "Сахаров орталығы" құқық қорғау ұйымына тіркелмегені үшін "шетел агенті" ретінде айыппұл салды. Айыппұл мөлшері - 300 мың рубль.

Ұйым сайтында "Сахаров орталығының" сот шешіміне қарсы шағым түсіретіні хабарланған.

Шетелден қаржы алып, саяси қызметпен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) "шетел агенті қызметін атқаратын" нысан ретінде тіркеу туралы заңға президент Владимир Путин 2012 жылы қол қойған еді.

"Сахаров орталығының" директоры Сергей Лукашевский өздеріне қатысты сот үрдісін "абсурд" деп атады. Айтуынша, бұл ұйым шетелден қаржыландырылғанымен, саяси қызметпен айналыспайды. Лукашевский орталықтың мақсаты білім беру, халықтың білім дәрежесін көтеру және қоғамдық пікірталасты ынталандыру екенін айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG