Accessibility links

ХОК Пекинде бағалау жұмыстарын бастады


Пекиндегі Олимпия стадионында сырғанап жүрген бала. (Көрнекі сурет).
Пекиндегі Олимпия стадионында сырғанап жүрген бала. (Көрнекі сурет).

Халықаралық олимпиадалық комитеттің бағалау комиссиясы кешеден бері 2022 жылғы Олимпиада ойындары үшін Пекиндегі спорт нысандарын аралап жүр.

XXIV қысқы олимпиада мен XIII параолимпиада ойындары Олимпиада өткізуге өтініш берген елдерден қазір Қытай мен Қазақстанның ғана қалғаны белгілі.

Қытай астанасындағы спорт нысандарын бағалау жұмыстары бес күнге жалғаспақ. Бағалау комиссиясы Пекиннен басқа олимпиада өткізуге өтініш берген Чжанцзякоу қаласындағы спорт кешендерін де аралайды.

Халықаралық олимпиада комитетінің бағалау комиссиясы биылғы ақпан айында Алматыдағы спорт нысандарын көріп кеткен.

2022 жылғы XXIV қысқы олимпиада мен XIII параолимпиада ойындары өтетін қала 2015 жылы 31 шілдеде Куала-Лумпур қаласында халықаралық олимпиада комитетінің сессиясында жабық түрде дауыс беру нәтижесінде анықталады.

Халықаралық олимпиада комитеті Олимпиада өткізуге өтініш берген елдерге жаңа шарттар ұсынып отыр. Бұл шарттар адам құқығын сыйлау, еңбек және қоршаған ортаны қорғауға қатысты болып келеді.

Қытай мен Қазақстанның адам құқығын бұзғаны үшін сыналып келе жатқаны мәлім.

XS
SM
MD
LG