Accessibility links

Тунисте полиция басшылары қызметтен босады


"Бардо" музейін аралап жүрген адамдар.
"Бардо" музейін аралап жүрген адамдар.

Тунисте 20-дан астам адамның қазасына соқтырған атышулы терактіден кейін полицияның алты басшысы қызметтен кетті.

Шабуыл болған "Бардо" ұлттық музейіндегі қауіпсіздік ережесі бұзылғанын мәлімдеген ел премьер-министрі Хабиб Эссид осындай өкім шығарды.

Терракт жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" радикалды тобы өз мойнына алған. Шабуылдаушылардың ішінде екі қаупісздік күштерімен атыста оққа ұшқан. Ал үшінші адам қашып үлгерген.

Бұл елді ұзақ басқарған Зин әл-Абидин Бен Әли биліктен кетірілген 2011 жылдан бергі ең қанды оқиға ретінде сипатталады.

24 наурызда "Бард" музейі террактіден кейін қайтадан ашылып, жұмысын жалғастыратыны хабарланған.

XS
SM
MD
LG