Accessibility links

ЕҚЫҰ Донбасстағы атыс жайлы хабарлады


Украина шығысындағы арнайы операциялар штабы сепаратистердің Донецк облысындағы Авдеевка қаласын атқылағаны жайында хабарлады.

ЕҚЫҰ-ның Украина оңтүстік-шығысында арнайы мониторинг жүргізетін миссиясының мәліметіне қарағанда, Широкино кентінде сепаратистер мен Украина әскері арасындағы белсенді әскери қимылдар байқалған. Оқиға салдарынан бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Аталған миссия екі тараптың да атысты доғару және ауыр қару-жарақты шығару тәрізді Минскі келіссөзінің басқа да келісімдерін бұзып отырғанын айтады.

Донецк облысындағы Авдеевка қаласын осы қарсаңда сағат сайын сепаратистердің минометі, артиллериясы және танкілері атқылаған. Авдеевка шетінде Украина әскері өздеріне шабуылдаған сепаратистер әрекетін тойтарған.

Өзін-өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» өкілі дүйсенбіде Украина әскерінің Донецкінің солтүстік-батыс шегін атқылағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG