Accessibility links

Ауғанстанда 13 адамды өлтіріп кетті


Бүгін, Ауғанстанда белгісіз біреулер арасында бір әйел бар, 13 адамды өлтіріп кетті.

Азаттықтың Ауған қызметінің хабарлауынша, оқиға Кабул - Ғазне тас жолында тіркелген. Жергілікті басшылық өкілдерінің айтуынша, оқиға қаза тапқандардың екі мотоциклмен және бір автобуспен Кабулдан Ғазнеге бара жатқан кезінде болған. Автобустағы адамдарды қарулы белгісіз біреулердің бір-бірлеп атқаны хабарланып отыр.

Әзірге оқиға жауапкершілігін әрқандай бір ұйым мойнына алмаған.

Оқиға болған Сейдабад ауданының негізгі бөлігін Талибан жасақтары бақылауында ұстайды.

Бұл оқиға Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидың Америкаға сапарына тұспа-тұс өріс алды. Ашраф Ғани бүгін, 24 наурызда АҚШ президенті Барак Обамамен кездесіп, ауған жеріндегі АҚШ әскерінің шығарылу мерзімін ұзарту мәселесін талқылайды.

XS
SM
MD
LG