Accessibility links

Ресей Қазақстаннан жеткізілген өнімдерді кіргізбеді


"Россельхознадзор" мекемесінің Новосибирь облыстық басқармасы 48 тоннаны құрайтын Қырғызстаннан апарылған капуста, сәбіз бен Қазақстаннан апарылған құрғатылған жемісті елге кіргізуге тыйым салды.

Ресейге кіргізілмеген жүктердің ішінде Қазақстаннан жеткізілген 500 түп жеміс ағашы мен сегіз мың түп раушан гүлі де бар.

Мұның себебі ретінде өнімдердің қауіпсіздігін растайтын фитосанитарлы сертификаттардың жоқтығы айтылған.

Ресейге кіргізілмеген өнімдер кері қайтарылған.

XS
SM
MD
LG