Accessibility links

Әзербайжан, Украина, Грузиядағы адам құқығы айтылды


Беларусь белсенділері Украинаны қолдау шарасында тұр. Брюссель, 25 наурыз 2015 жыл.

Беларусь белсенділері Украинаны қолдау шарасында тұр. Брюссель, 25 наурыз 2015 жыл.

Еуропалық комиссия бүгін Еуропадағы көршілік саясаты бағдарламасына қатысушы елдердегі адам құқығының ахуалы туралы жыл сайынғы баяндаманы таныстырды.

Украинадағы ахуал жайын баяндағанда Еурокомиссия өкілдері ол елдегі демократиялық реформалар өте ауыр экономикалық жағдай мен елдің шығысында украиналық әскерилер мен ресейшіл сепаратистер арасында қарулы қақтығыстар болып жатқан кезде жүргізіліп жатқанын атап көрсеткен. Құжатта 2014 жылы Ресей аннексиясынан кейін Қырымда және Украинаның шығысында адам құқығының ахуалы күрт нашарлап кеткені айтылған.

Баяндама авторлары былтыр Әзербайжанда адам құқығы ахуалының нашарлағаны үшін бұл елдің үкіметін қатты сынға алған.

Грузияда демократиялық өзгерістер болып жатқанын айта келе, құжат авторлары ұлттық азшылықтар құқығын қорғау саласында қосымша шаралар қабылдау қажеттігін айтқан. Еурокомисся өкілдері Ресейдің өзін өзі жариялап алған Абхазия және Оңтүстік Осетиямен ынтымақтастық және интеграция туралы келісімге қол қоюын "Грузияның егемендігіне қол сұғу" деп атаған.

Зерттеу қорытындылары бойынша, былтыр Молдовада адам құқықтары мен негізгі бостандықтарына қатысты ахуалдың жақсарғаны байқалған.

XS
SM
MD
LG