Accessibility links

Түркия әскері мен күрдтер арасында жанжал болды


Сириямен шекара маңында тұрған түрік әскерилері. 8 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Сириямен шекара маңында тұрған түрік әскерилері. 8 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Түркия билігінің мәлімдеуінше, әскерилер мен күрд көтерілісшілері арасында туған жанжалда артиллериялық қару қолданылып, бірнеше жылдан бергі қақтығысты тоқтату туралы бейбіт келісімге қауіп төнген.

Түркия қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, тіркелмеген Күрдістан жұмысшы партиясы мүшелерінің Иракпен шекараға жақын Даглик ауданында армия позицияларын минометтен атқылауына жауап ретінде үкімет әскері оларға оқ атқан. Күрд көтерілісшілері армия казармаларын да атқылаған.

Қазір екі жақ бітім орнату туралы күрделі келіссөз жүргізіп жатыр. Наурыздың 21-інде ұзақ жылдан бері түрмеде отырған Күрдістан жұмысшы партиясының жетекшісі Абдулла Оджалан күрдтер Түркиямен қарулы қақтығысты тоқтату үшін съез өткізуі тиіс деп мәлімдеген.

Күрдістан жұмысшы партиясы Түркия мен бірқатар батыс елдерінде террористік ұйым деп танылған. 1984 жылдан бері күрд көтерілісшілері мен Түркия әскері арасындағы қақтығыстардан 400 мыңнан аса адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG