Accessibility links

Қарағанды облысында ондаған үйді су басты


Қарағанды облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)

Қарағанды облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)

Қарағанды облысында нөсер жауын мер еріген қар суынан бірнеше елді мекенде ондаған үй-жай, көшелер мен жолдарды су басты деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Су басқан аймақтардан тұрғындар басқа жаққа эвакуацияланып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, Қаражал қаласында бес қабатты үш тұрғын үйді су басқан. Атасу станциясында ондаған үй мен кіретін жолдарды су басу қаупі бар деп хабарланды.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Бүркітті, Қаракөл, Матақ, Әубәкіров ауылдарынан тұрғындар мен малдарды қауіпсіз жерге көшіруге кіріскен. Ақадыр ауылында екі күн бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан су жүретін арналар, құбырлар толып, Ақадыр-Ортау-Оспен жолын су басқан.

XS
SM
MD
LG