Accessibility links

Ыдырысов ЕҚЫҰ бақылау миссиясы басшысымен кездесті


Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Қазақстан халықаралық бақылаушылардың кезектен тыс президент сайлауына оң баға беретінінен үмітті. Бұл туралы бүгін Астанада ЕҚЫҰ адам құқықтары және демократиялық институттар бюросының Қазақстандағы президент сайлауын бақылау миссиясының басшысы Корнели Йонкермен кездесуде Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеген.

Сыртқы істер министрлігінің ақпаратында, Ыдырысов кездесуде Йонкерге Қазақстанның кезектен тыс президент сайлауын «барынша ашық, шынайы және әділетті түрде халықаралық стандарттарға сай өткізуге» ниетті екенін айтып, халықаралық бақылаушылармен ынтымақтаса жұмыс істеуге мүдделі екенін білдірген.

ЕҚЫҰ миссиясы басшысы Корнелия Йонкер бақылаушылардың Қазақстан президенті сайлауын шынайы, әділ әрі бейтарап түрде бақылауға дайын екенін айтқан.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді. Орталық сайлау комиссиясы бүгінге дейін ЕҚЫҰ адам құқықтары және демократиялық институттар бюросы атынан 11 мемлекеттің 13 бақылаушысын тіркеген. Сайлауға халықаралық бақылаушыларды тіркеу 20 сәуірде аяқталады.

XS
SM
MD
LG