Accessibility links

Иран Йемендегі Сауд Арабиясы шабуылын айыптады


Йемен астанасы Сана қаласындағы әуежай маңында әуе шабуылынан қираған ғимарат орнында жүрген тұрғындар. Йемен, 26 наурыз 2015 жыл.

Йемен астанасы Сана қаласындағы әуежай маңында әуе шабуылынан қираған ғимарат орнында жүрген тұрғындар. Йемен, 26 наурыз 2015 жыл.

Иран Сауд Арабиясының Йемендегі шиттік хусит көтерілісшілеріне қарсы әуе соққысын бергенін «қауыпті қадам» деп айыптады.

Иран сыртқы істер министрлігі 26 наурызда әуе соққылары «Йемендегі жағдайды одан ары күрделендіре түседі және ондағы қақтығысты бейбіт реттеу мүмкіндіктерінен айырады» деген мәлімдеме таратты.

Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшісі Абдел әл-Жубейр мен ақпарат агенттіктері кеше Сауд Арабиясының Парсы шығанағындағы одақтастарымен бірлесе «Йеменнің биліктен кетірілген заңды президенті Абд-Раббу Мансур Хади үкіметін қорғау үшін» әуе соққыларын беруді бастағанын хабарлаған.

Сауд Арабиясы ақпарат құралдары Эр-Риядтың операцияға 100-ге тарта әскери жойғыш ұшақ пен 150 мыңдық әскери теңіз бөлімдерін жұмылдырғанын хабарлаған. Операцияға Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Катар және Бахрейн де қосылған.

Иордания мен Египет те Сауд Арабиясы бастаған коалицияны қолдайтынын білдірген. Ал Пәкістан билігі Сауд Арабиясының операцияға қатысу өтінішін қарастырып жатқанын хабарлаған.

Иран қолдайтын хусит көтерілісшілері соңғы айларда күрт күшейіп, Йемен президенті ел астанасы Санадан бас сауғалап кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG