Accessibility links

Нұрлан Қаппаров кенеттен қайтыс болғаны хабарланды


Нұрлан Қаппаров.

Нұрлан Қаппаров.

«Қазатомпром» ұлттық акционерлік компаниясының жетекшісі Нұрлан Қаппаров бүгін Қытайда кенеттен қайтыс болды деп хабарлады қазақстандық агенттіктер.

Хабарларға қарағанда, 45 жасқа толуына санаулы күндер қалған Қаппаров жүрек талмасы ұстап дүние салған. Ол Қытайға Азия экономикалық форумына қатысатын қазақстандық ресми делегация құрамында барған.

Нұрлан Қаппаров 2014 жылдың тамызында «Қазатомпром» басшысы болып тағайындалғанға дейін екі жарым жылдан аса Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі болып істеген.

1990-жылдардың басында Қазақстанда жаңадан қалыптасқан жеке бизнес өкілдерінің бірі Нұрлан Қаппаров кейін ұлттық компаниялар мен үкіметте басшы қызметтерде болды.

1999 жылы Қазақстан энгергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін ол «ҚазТрансОйл» және «Қазақойл» ұлттық компанияларын басқарды.

2000-жылдардың басында Қаппаров Қашаған кенішін игеру жөніндегі Солтүстік Каспий жобасы комитетінің жетекшісі болды.

2001-2003 жылдары АҚШ-та білімін жетілдіріп Қазақстанға келген соң Lancaster Group холдинг компаниясын құрып, директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Қазақстандық Forbes журналы Нұрлан Қаппаровты елдегі ең бай 50 адамның тізіміне енгізген.

XS
SM
MD
LG