Accessibility links

Қазақстанда биыл 29 мың адам әскерге шақырылмақ


Қазақстан әскері. (Көрнекі сурет)
Қазақстан әскері. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда биыл 18 бен 27 жас аралығындағы 29 мыңнан аса адам әскер қатарына шақырылады деп хабарлады бүгін Қазақстан қарулы күштері бас штабының ұйымдастыру-мобилизациялау жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Амантай Өсербаев.

Оның сөзінше, 12 мың адам әскерге сәуір айынан бастап маусым айына дейін, қалғаны күзде шақырылмақ. Қазір аймақтарда әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыру шаралары басталған.

Өсербаев қазір Қазақстан армиясы шағын, елде әскерге шақырылатындар саны жеткілікті болғандықтан әскерге іріктеу мұқият жүргізілетінін айтады. Қорғаныс министрлігінің дерегінше, өткен жылы әскерге шақырылған 120 мыңға тарта адам медициналық комиссиядан өтіп, оның 77 пайызы әскерге жарамды болып шыққан.

Қазақстанда міндетті әскери қызмет борышын өтеу мерзімі – 12 ай.

XS
SM
MD
LG