Accessibility links

Қазақ диссиденті Кәрішал Асанов дүниеден өтті


Қазақ диссидент, жазушы Кәрішал Асанов.
Қазақ диссидент, жазушы Кәрішал Асанов.

Алматыда белгілі қазақ диссиденті, жазушы Кәрішал Асанов 79 жасында қайтыс болды.

Қызы Қарлығаш Асанова әкесі наурыздың 26-сы күні кешке дүниеден өткенін хабарлады. Туыстарының айтуынша, Кәрішал Асанов соңғы кездері жүрегі ауырып, бір айдай бұрын ауруханада жатып шыққан.

Биыл Кәрішал Асанов Қазақстандағы оппозициялық ұйымдар тағайындаған «Азаттық» сыйлығын иеленген.

1992 жылы «Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысын қорлаған» деген айыппен бірнеше ай абақтыда отырған Кәрішал Асановты Алматы соты бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған, бірақ кейін ол ақталған.

2001 жылы президент Назарбаевты сынаған мақаласы үшін ол қайтадан жауапкершілікке тартылып, сотта жеңіп шыққан.

1993 жылы Кәрішал Асановқа қуғындалған жазушыларға берілетін халықаралық Хеллман-Хэмметт (АҚШ) сыйлығы берілген. Ол бірнеше кітаптың авторы.

Кәрішал Асановты сенбі, наурыздың 28-і күні Алматыдағы Кеңсай зиратына жерлейді.

XS
SM
MD
LG