Accessibility links

Ұшақ апатына күдікті ұшқыштың үйі тінтілді


Германиялық ұшқыш Андреас Любицтің Facebook желісіндегі фотосы.

Германиялық ұшқыш Андреас Любицтің Facebook желісіндегі фотосы.

Германия полициясы Airbus A320 жолаушылар ұшағын қасақана апатқа ұшыратқан болуы мүмкін деп жорамалдаған германиялық 28 жастағы ұшқыш Андреас Любицтің үйін тінтті. Апаттан ұшақтағы 150 адамның барлығы, оның ішінде ұшқыштың өзі де қаза тапқан.

Франция прокуратурасының хабарлауынша, ұшақтың "қара жәшігінен" алынған мәліметтер Андреас Любицтің командир кабинадан шығып кеткенде ұшқыштар кабинасына жалғыз өзі бекініп алып, ұшақты тауға қарай бағыттағанын көрсеткен.

Франция мен Германия билігі Любицтен ешқандай терроризм ықпалына түскен белгі байқалмағанын айтқанымен, оның неліктен мұндай әрекет жасағанын түсіндіре алмай отыр. Любицтің туған қаласы Монтабаур тұрғындары оны жақсы адам деп сипаттаған.

Прокуратура мәлімдемесінен бірнеше сағаттан соң-ақ бірқатар әуе компаниялары ұшақ кабинасында негізгі ұшқышқа қосымша тағы бір ұшқыштың үнемі кабинада болуын міндеттейтін ереже енгізіп үлгерді. АҚШ-та бұрыннан бар мұндай ереже Еуропада болмаған еді.

Наурыздың 24-і күні Барселонадан Дюссельдорфқа ұшып бара жатқанда белгісіз себептермен апатқа ұшыраған германиялық Germanwings әуе компаниясының Airbus A320 ұшағындағы 150 жолаушының арасында бірнеше елдің адамдары, соның ішінде Қазақстанның үш азаматы да болған.

XS
SM
MD
LG