Accessibility links

Қазақстан Германияға Австрия азаматын экстрадициялады


Қазақстан бас прокуратурасы ғимараты. (Көрнекі сурет)

Қазақстан бас прокуратурасы ғимараты. (Көрнекі сурет)

Қазақстан Германияға "алаяқтық жасады" деп айыпталған Австрия азаматы Манфред Нусбаумерді экстрадициялады.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Германия әділет министрлігі Манфред Нусбаумерді "жалған төлем құжаттарын пайдалану арқылы алдап-сулап бөтеннің 245 мың еуроны құрайтын мүлкін жымқырған" деп айыптап, Қазақстаннан оны қайтаруды сұраған.

Қазақстан жағы Германияның өтінішін қанағаттандырып, Австрия азаматын Астанаға барған германиялық құзырлы орган өкілдеріне табыс етті деп хабарлады прокуратура.

XS
SM
MD
LG