Accessibility links

Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қамалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қарағандыда сот шешімімен Талғат Әбілда екі ай мерзімге қамауға алынғаны туралы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.

«Сот Әбілданы екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. Ол қылмыстық кодекстің «өзіне сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иелену немесе талан-таражға салу» бабында қарастырылған жемқорлық қылмысын жасаған деген күдікке ілінген» деген Қазыбек би аудандық соты баспасөз хатшысы Әлия Жошева.

Бұған дейін баспасөз құралдары қылмыстық іс қозғалғанда Талғат Әбілда тергеу орындарынан бой тасалауға әрекет жасаған деген ақпарат таратқан еді. Ол наурыздың 21-і күні ұсталған деп хабарланды.

44 жастағы Талғат Әбілда қамауға алынғанға дейін «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болып қызмет атқарған. Оның алдында Қарағанды облысы әкімінің ауыл шаруашылығы және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бойынша орынбасары, Қарағанды қаласы әкімінің экономика, кәсіпкерлікті дамыту, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары болып істеген.

XS
SM
MD
LG