Accessibility links

Атамбаев ЕО басшыларымен кездеседі


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бүгін Брюссельде Еуропа комиссиясының президенті Жан-Клод Юнкер мен Еуропа кеңесінің президенті Дональд Тускпен кездеседі.

Брюссельге сапары қарсаңында халықаралық Human Rights Watch ұйымы Еуропа Одағы басшыларын Атамбаевтың 2010 жылғы Қырғызстанның оңтүстігіндегі этникалық жанжалдардан кейін өмір бойы түрмеге жабылған құқық қорғаушы Әзімжан Асқаровты босатуына ықпал етуге шақырған.

Әзімжан Асқаров жанжалға қатысты өзіне тағылған айыпты мойындамайды және өзін түрмеге қоғамдық белсенділігі үшін жабылдым деп санайды.

Human Rights Watch бұған қоса ЕО жетекшілерін Атамбаевты Қырғызстандағы "жыныстық кемсітулерге жол беретін" заң жобасы мен шетелден қаржыландырлатын үкіметтік емес ұйымдарды "шетел агенті" ретінде қайта тіркелуге міндеттейтін заң жобасын қабылдатпауға шақырған.

XS
SM
MD
LG