Accessibility links

Бас прокуратура жалған хабарлама жайлы ескертті


Қазақстан бас прокуратурасы ғимараты.

Қазақстан бас прокуратурасы ғимараты.

Қазақстан бас прокуратурасы осы мекеменің атынан жалған электрондық хабарламалар таратылып жатқаны туралы мәлімдеді.

«Биылғы жылғы 26 наурыздан бастап әртүрлі электрондық пошталардан (www.prokuror.gov.kz@mail.ru, service@prokuror.kz және т.б.) бас прокуратураның атынан келесі мазмұндағы жалған хаттар жолданып отырған: «Сізге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 18.03.2015ж. №530491 алаяқтық бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу нәтижелері туралы ақпараттың көшірмесін жолдаймын. Қосымша: 4-парақта» делінген бас прокуратураның ресми сайтында жарияланған ақпаратта.

Ондай хат таратпағанын және әлгіндей электрондық пошталар өзіне тиесілі еместігін мәлімдеген бас прокуратура азаматтарды алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырған.

«Мұндай хаттарды алған жағдайда оларды ашпауға кеңес береміз, өйткені оларды алаяқтар қылмыстық мақсаттарда пайдаланып отыр. Сондай-ақ файлдарда компьютер иесінің мәліметтер базасын басқаруға мүмкіндік беретін зиянды бағдарламалар болуы мүмкін» деп ескерткен бас прокуратура.

XS
SM
MD
LG