Accessibility links

Нұрлан Қаппаровты Кеңсайға жерледі


Нұрлан Қаппаров.

Нұрлан Қаппаров.

Алматыда бүгін «Қазатомпром» ұлттық акционерлік компаниясының жетекшісі Нұрлан Қаппаровты жерледі. Ол осы аптада Қазақстаннан ресми делегация құрамында Қытайға барғанда кенеттен қайтыс болған.

Нұрлан Қаппаровпен қоштасу рәсімі Алматыдағы Ғылым академиясы ғимаратында өтті. Алматы әкімі Ахметжан Есімов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың марқұмның отбасына көңіл айтып жолдаған жеделхатын оқып берді.

Нұрлан Қаппаров Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді.

Нұрлан Қаппаров Қазақстанда 1990-жылдардың соңында ірі бизнес саласынан мемлекеттік органдарға басшылық қызметке тағайындалған, қоғамда «жас түріктер» деген атауға ие болған шоғырдан еді. Бірақ кейін олардың бір бөлігі елдегі саяси басқару жүйесіне өзгерістер жасау туралы талап қойған соң биліктен кеткен. Нұрлан Қаппаров 2014 жылдың тамызында «Қазатомпром» басшысы болып тағайындалғанға дейін екі жарым жылдан аса Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі болып істеген.

XS
SM
MD
LG