Accessibility links

БҰҰ-ның арнайы өкілі Баскут Тунчак бүгін Астанада жергілікті азаматтық белсенділер және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті. Жиынға журналистерді қатыстырған жоқ.

Кездесуге қатысқан «Антигептил» қозғалысы белсендісінің айтуынша, басқосуда Қазақстандағы экологиялық проблемалар – ядролық қалдықтар, Ресей жалға алып отырған Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшыру, сонымен қатар тұрғындары белгісіз «ұйқы» дертіне шалдыққан Ақмола облысы Калачи ауылындағы жағдай туралы әңгіме болған.

Белсенділерден сәуірдің 8-іне белгіленген БҰҰ сарапшысының баспасөз мәслихатына дейін онымен кездесудегі әңгіменің бүге-шігесін жария етпеуді сұраған.

БҰҰ-ның улы қалдық заттар жөніндегі арнайы өкілі Баскут Тунчак Қазақстан үкіметінің шақыруымен Астанаға наурыздың 26-сы күні келген.

Екі апталық сапары барысында ол Қазақстанның адам құқықтары саласындағы өзіне алған міндеттемелерін орындауда улы заттар және қалдықтармен қалай жұмыс істеп жатқанын тексермек. Кейін оның тұжырымдары Адам құқықтары жөніндегі кеңеске ұсыныс түрінде жолданады.

БҰҰ өкілі Астанадан өзге Алматы, Атырау, Өскемен және Қарағандыға барып, улы заттардан зардап шеккендермен, орталық және жергілікті билік, бизнес, азаматтық қоғам өкілдерімен кездеспекші.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG