Accessibility links

Құқыққорғаушы ұйым Оштағы кеңсесін тінтуді «қысымға» балайды


«Бир дуйно Кыргызстан» құқыққорғау ұйымы кеңсесіне жүргізілген тінтуден соң. Ош, 27 наурыз 2015 жыл.
«Бир дуйно Кыргызстан» құқыққорғау ұйымы кеңсесіне жүргізілген тінтуден соң. Ош, 27 наурыз 2015 жыл.

Қырғызстандық «Бир дуйно Кыргызстан» құқыққорғау ұйымы Ош қаласындағы филиалының кеңсесіне және филиал заңгерлері Хусанбай Салиев пен Валерьян Вахитовтың үйіне мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) жүргізген тінтуді «құқыққорғаушы ұйым мен адвокаттарға қарсы қысым» деп бағалайтыны туралы бүгін мәлімдеме таратты.

Наурыздың 27-і күні Ош қалалық соты берген санкция негізінде «Бир дуйно Кыргызстан» құқыққорғау орталығы кеңсесі мен Салиевтің және Вахитовтың үйіне тінту жүргізілгені туралы орталық мүшелері Азаттыққа хабарлаған.

МҰҚК болса Оштағы тінту осы қалада АҚШ азаматының ұсталуымен байланысты екенін және тінту барысында діни мазмұндағы баспа және видеоматериалдар табылғанын айтады.

МҰҚК баспасөз қызметі ақпаратында наурыздың 25-і күні Ошта милиция қызметкерлері ұстаған АҚШ азаматы Умар Фаруктан Қырғызстанда жақында қамалған «Хизб ут-Тахрир» ұйымының жетекшісі мен террористік топ мүшелері деген жекелеген күдіктілердің үстінен қозғалған қылмыстық іс тергеуі материалдарының көшірмелері табылғаны айтылған. Сонымен бірге «АҚШ азаматынан дінаралық араздықты қоздыратын және «жиһадқа» шақыратын діни-экстремистік және террористік мазмұндағы бейнематериалдар алынған» дейді мемлекеттік қауіпсіздік мекемесі.

XS
SM
MD
LG