Accessibility links

Мәсімов Қытаймен 23 миллиард доллардың келісіміне қол қойды


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Қытай премьер-министрі Ли Кекиянг келісімге қол қою рәсімінде. Пекин, 27 наурыз 2015 жыл.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Қытай премьер-министрі Ли Кекиянг келісімге қол қою рәсімінде. Пекин, 27 наурыз 2015 жыл.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Пекинде Қазақстан мен Қытай арасында жасалған 23 миллиард доллардың келісіміне қол қойды. Кеше Қазақстан ресми делегациясының Қытай сапарын қорытындылаған кездесуде қол қою рәсімі өткен.

Екі ел арасындағы келісімдер болат, әйнек, түрлі-түсті метал өндірісі, мұнайды қайта өңдеу, су энергиясы және автокөлік салалары бойынша жобаларды қамтиды.

Кәрім Мәсімовті қабылдаған Қытай президенті Си Цзиньпин екі ел арасындағы қатынас жақсы дамып келе жатқанын айтқан. Мәсімов жаңа келісімдерді «жақсы бастау» деп атаған. Ол Қытаймен әріптестікті тереңдете түсуге Қазақстан әзір екенін айтқан.

Қазақстаннан Қытайға экспортталатын шикізат пен тауарлардың негізгі бөлігін мұнай, табиғи газ және уран кеніші құрайды.

XS
SM
MD
LG