Accessibility links

Немцов қаза болған жерге қайтадан гүлдер қойылды


Мәскеуде Борис Немцов қаза болған жерге гүл қойып жатқан әйел.
Мәскеуде Борис Немцов қаза болған жерге гүл қойып жатқан әйел.

Мәскеуде оппозициялық саясаткер Борис Немцов қаза тапқан жердегі марқұмның құрметіне қойылған заттар қайта қалпына келтірілді, қазір ол жерге адамдар гүлдер әкеп қойып жатыр.

Өткен түнде белгісіз біреулер күзеті күшті Кремльдің іргесінде Борис Немцовқа қастандық жасалған жердегі қолдан жасалған естелік заттарды ойрандап кеткен. Олар оппозициялық қайраткердің суреттерін, гүлдер мен шырақтарды түгелдей алып кеткен. Бұған дейін, наурыздың 25-іне қараған түні болған осындай ойран үшін жауапкершілікті SERB қозғалысы өз мойнына алған.

Немцовтың әріптесі ресейлік оппозиционер Илья Яшин бұл оқиғаны арандату деп атап, қазір еріктілер Немцов қаза тапқан жерге тақтайша немесе құлпытас қою мақсатымен азаматтардан қол жинап жатқаны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG