Accessibility links

Өзбекстан елшілігі сайлауға Азаттық тілшілерін кіргізбеді


Өзбекстан елшілі алдында тұрған полицейлер мен полиция көліктері. Алматы, 29 наурыз 2015 жыл.

Өзбекстан елшілі алдында тұрған полицейлер мен полиция көліктері. Алматы, 29 наурыз 2015 жыл.

Наурыздың 29-ы күні Өзбекстан президенті сайлауына Қазақстандағы өзбек елшілігінде орналасқан сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысынан хабар дайындау мақсатымен барған Азаттық тілшісі Мақпал Мұқанқызын елшілік қызметкерлері сайлау учаскесіне кіргізген жоқ. Олар журналистке сайлау барысы туралы ақпарат беруден де бас тартты.

Өзінің айтқанын журналистің планшетке жазып алғанын көрген елшілік өкілі сол жердегі қазақстандық полиция қызметкерлерімен бірге тілшіні видеоны жоюға мәжбүр еткен.

Бұдан соң жолдың қарсы бетіне шығып, алыстан елшіліктің жалпы көрінісін видеоға түсірген Мақпал Мұқанқызын полиция өкілі тағы тоқтатып, жазбаны жоймаса қайтармайтынын айтып, журналистің қызмет құжатын тартып алған.

Оқиға орнына Азаттықтың тағы екі тілшісі келіп, видеоға түсіре бастаған соң полиция журналистің құжатын өзіне, арада бір жарым сағаттай уақыт өткен соң, қайтарып берді.

XS
SM
MD
LG