Accessibility links

Өзбекстанда президент сайлауы өтіп жатыр


Президент сайлауына кандидаттар туралы ақпарат ілінген жердегі адамдар. Ташкент, 26 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Президент сайлауына кандидаттар туралы ақпарат ілінген жердегі адамдар. Ташкент, 26 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Өзбекстандағы сайлау учаскелерінде бүгін жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат алтыда Өзбекстан президенті сайлауына дауыс беру басталды.

Ресми мәлімет бойынша, сайлаушылар тізімінде 20,8 миллионға жуық Өзбекстан азаматы бар.

Бұл сайлауға елдің қазіргі президенті, Өзбекстан либералды-демократиялық партиясы жетекшісі Ислам Каримовке бәсекелес ретінде Өзбекстан халықтық-демократиялық партия басшысы Хатамжан Кетмонов, «Адолат» социал-демократиялық партиясы атынан Наримон Умаров және «Қайта өрлеу» демократиялық-ұлтшыл партиясынан Акмал Саидов кандидат болып тіркелген. Бұл партиялардың ешқайсысы билікке оппозицияда емес.

Сайлауға дауыс беру жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат сегізге дейін жалғасады. Өзбекстан заңы бойынша, тізімге алынған сайлаушылардың кемінде 33 пайыздан астамы дауыс беруге қатысқан жағдайда сайлау заңды күшіне ие деп танылады.

Бұның алдында, 2007 жылы өткен президент сайлауының ресми нәтижесі бойынша Ислам Каримов жеті жыл мерзімге мемлекет басшысы болып сайланған. Каримов Өзбекстанды 1989 жылда бері басқарып отыр.

XS
SM
MD
LG