Accessibility links

Маңғыстауда құмды дауылдан жолда қозғалыс шектелді


Ақтау қаласындағы шаңды дауыл. 29 наурыз 2015 жыл.

Ақтау қаласындағы шаңды дауыл. 29 наурыз 2015 жыл.

Маңғыстау облысында сенбі күні кешке басталған шаңды дауыл жексенбі күні де толастаған жоқ. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жеткенін хабарлады.

Ақтауда соққан құмды дауылдан қала ішінде таяқ тастам жер көрінбей кетті. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полициясының бастығы Ұлықбек Мылтықовтың Азаттыққа айтуынша, қатты дауыл кесірінен кей жерлерде жол-көлік оқиғасы болған.

– Ақтау-Жаңаөзен жолында Жетібай ауылына бара жатқан вахталық автобус жолды көрмей шығып кетіп, аударылып қалған. Ондағы адамдар дін аман, - деді ол.

Мылтықов облыс аудандарына баратын жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін айтты. «Жылдамдықты сағатына 20 километрден асырмау туралы шектеу қойылды және полицейлердің ілесуімен ғана жолға шығуға рұқсат берілді» деді ол.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар қызметі Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылындағы 6-мектептің шатыры ұшып кеткенін хабарлады.

Ауа райын болжау орталығы шаңды дауылдың сәуірдің 1-іне дейін жалғасуы мүмкін деген болжам айтады.

Ақтаудағы шаңды боран, 29 наурыз 2015 жыл

XS
SM
MD
LG