Accessibility links

ШҚО-да жол апатынан төрт адам мерт болды


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысы аумағында жолаушылар автобусы аударылып, төрт адам қаза тапты.

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, Алматы-Мақаншы-Қабанбай бағытында жүретін "Сетра" автобусы 30 наурыз күні таңға жуық Үржар ауданының Таскескен-Бақты жолында аударылып кеткен.

Автобуста барлығы 25 адам болған. Апаттан 18 адам жараланған. Қаза тапқандардың арасында бір бала бар. Жараланғандар аудан орталығы Мақаншыдағы аудандық ауруханаға жеткізілген. Төтенше жағдайлар департаментінің болжамынша, жол апатына ауа-райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG