Accessibility links

Каспийде күдікті браконьерлер ұсталды


Каспий теңізінің жағалауы. Ақтау, 2 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
Каспий теңізінің жағалауы. Ақтау, 2 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінде браконьерлікпен айналысты деген күдікпен Әзербайжанның төрт азаматын ұстады деп хабарлайды бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Шекара қызметі күдіктілер шекара күзеті кемесі экипажының талабына құлақ аспай, қатты жылдамдықпен теңіздің Қазақстанға тиісті аумағынан шығып кетпек болғанын айтады. Екі рет ескертпе ретінде оқ атылғаннан соң күдіктілер шекарашыларға берілген.

Шекара күзетінің ақпаратына қарағанда, Әзербайжан азаматтарының қайықтарын тінту кезінде 900 килограммға жуық бекіре тұқымдас балық табылған.

Каспийде балық уылдырық шашатын күз және көктем мезгілдерінде браконьерлер белсенділігі күшейеді.

XS
SM
MD
LG