Accessibility links

Астанада Қазақстан және Ресей интеллигенциясы форумы өтуде


Қазақстан және Ресей интеллигенциясы форумы. Aстана. 30 наурыз, 2015 жыл.

Қазақстан және Ресей интеллигенциясы форумы. Aстана. 30 наурыз, 2015 жыл.

Астанада тұңғыш президент кітапханасында Қазақстан және Ресей интеллигенциясының форумы өтіп жатыр. Форумға Қазақстан парламенті төменгі палатасы мен Ресей мемлекеттік думасының депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр.

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Андрей Тумановтың айтуынша, форум "Қазақстан мен Ресейді күшті ететін қоғам" туралы айтуға арналған.

Форумды ұйымдастырушылардың бірі, Қазақстан азаматтық альянсының президенті Нұрлан Ерімбетовтің айтуынша, қазір екі ел жастары Қазақстан мен Ресейді негізінен телеарналық бағдарламалар мен телесериалдар арқылы оң жақтарынан танытып жүр.

Қатысушылар форум екі елдің жағымды бейнесін қалыптастыру үшін өткізіліп жатыр дейді.

XS
SM
MD
LG