Accessibility links

Бүгін Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 75 километр қашықтықта 4,5 магнитудаға жететін жер сілкінісі болды деп хабарлады білім жәе ғылым министрлігі ғылым комитетінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдіснамалық орталығы.

Сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпуі Алматы уақыты бойынша 12:48-де болған.

Жер сілкінісінің ошағы жердің он километр тереңдігінде болған. Зардап шеккендер мен бүлінген нысандар туралы әзірге ақпарат жоқ.

XS
SM
MD
LG