Accessibility links

Сорос Украинаға 1 миллиард доллар беруге дайын


Америкалық қаржыгер әрі миллиардер Джордж Сорос.

Америкалық қаржыгер әрі миллиардер Джордж Сорос.

Америкалық қаржыгер әрі миллиардер Джордж Сорос егер батыс елдері Украинаға жекелей капитал салуға қолдау көрсетсе, бұл елге бір миллиард АҚШ долларлық инвестиция салуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл жайында ол 30 наурызда жарияланған австриялық Der Standard басылымына берген сұхбатында айтқан.

Сорос өзінің Украинаның аграрлық саласына, инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салу туралы нақты ойы барын білдірген. Оның айтуынша, батыс елдерінің Украинаны саяси қауіп-қатерден қорғап, тіпті нөлдік пайызбен несие беруді қамтамасыз етіп, инвесторлар үшін барынша тартымды ете алатындай мүмкіншілігі бар.

Елдің шығысында Ресей қолдайтын сепаратистермен соғысып жатқан Украинаның бір жағынан экономикасы да дағдарысқа ұшыраған.

Қытайлық CITIC Construction компаниясы 26 наурызда Украинаға қолжетімді баспана салу үшін төмен пайызбен 15 жыл мерзімге 15 миллион АҚШ долларын бере алатынын мәлімдеген.

Наурыздың басында Халықаралық валюта қоры Украинаға 17,5 миллиард АҚШ доллары несие беруді мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG